Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қазан, 2020

45 жылжымалы медициналық кешен өңірлерге жеткізілді

Шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына қызмет етуге арналған осындай 100 кешен жеткізу жоспарланып отыр. Соның арқасында ауыл халқы қалаларға және аудан орталықтарына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады. Бүгінгі таңда «СарыарқаАвтоПром» Қостанай автомобиль зауыты 63 жылжымалы медициналық кешен жасап шығарды. Оның 45-і өңірлерге жөнелтіліп, 18 данасы жіберуге дайындалып жатыр. Қалған 37 кешен өндірісте. Оларды сынақтан өткізілген соң 2020 жылғы 22-23 қазанда жөнелту жоспарланып отыр.


                                                                        24.kz

292 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз