Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қазан, 2020

Шымкентте 20 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

 

Шымкенттің 18-ші шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен белгісіз қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама полицияға 19 қазанда келіп түсті.

 


"Тексеру барысында жәбірленушінің жеке басы анықталды. Бойжеткен, 2000 жылы Түркістан облысында туған. Мойын аймағын тексеру кезінде қылқындыру іздері табылды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі қылқынудан болғанын растады", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Аталған факті бойынша сол күні адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 1997 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

 

                                                     stan.kz

340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз