Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Қазан, 2020

Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Центральное ауылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Вирус Омбыдан келген қонақта расталды. Байланыста болғандар арасында да ауру жағдайлары тіркелген.

«Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Бұқар Жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Центральное ауылына карантин енгізілді. Блок бекеттер орнатылды және карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынды»,-делінген хабарламада.

Ауыл тұрғындары карантин режимін сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын дүкендерге немесе дәріханаларға баруға болады.

Карантин соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау туралы қосымша хабарланатын болады.

567 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз