Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қазан, 2020

Қырғызстанда Парламенттік сайлау қайта өтетін күн белгілі болды

Қырғызстанның Жогорку Кенешіне қайта сайлау 2020 жылы 20 желтоқсан күні өтеді. Мұндай шешім елдің Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

Естеріңізде болса, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті.

Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.

Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда қарсылық шараларын ұйымдастырды. Жалпы қарсылық шараларынан 911-адам зардап шекті.

ОСК 6 қазан күні Бішкекте басталған қақтығыстардан соң сайлау нәтижесін жоққа шығаруға мәжбүр болған.

Жағдай тұрақталмағандықтан президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз