Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қазан, 2020

Алматыда карантин талаптарын бұзудың 20 жағдайы анықталды

Алматыда қала аумағында карантиндік шаралардың сақталуына күшейтілген бақылау жалғасуда.
 
2020 ж.20 қазанында құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі аудандық басқармалардың мамандары кіретін Алматы қаласының мониторингтік топтары 56 аралап тексеру іс-шарасын өткізді.
 
Бақылау қорытындысы бойынша 21 нысанда карантин талаптары бұзылғаны  анықталды. Тиісті жұмыстар жүргізілді. Бетперде режимін бұзу бойынша жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама жасалды.
 
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қызметіне тыйым салынған нысандар, сондай-ақ жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.
 
Әуезов ауданының мониторингтік топтары бірнеше нысаннан маска режимінің бұзылуын анықтады, соның ішінде Еуразиялық банк ғимараты, оптика, Абай көшесінің бойындағы лагманхана, «Алмасат» медициналық орталығы және т. б. бар.
 
Бостандық ауданында карантиндік шараларды бұзу қоғамдық тамақтану орындарында анықталды: «Jungle» рестобары, «Мармарис» дәмханасы, «Мармарис wok» дәмханасы.
 
Мониторингтік топ Наурызбай ауданындағы «Көктем» дүкенінен, «Буррито» дәмханасы, «Мандарин» дүкені, сондай-ақ сұлулық салоны мен кеңсе үй-жайында карантиндік іс-шаралардың бұзылғанын анықталды.
 
Қала кәсіпкерлерін эпидемиялық жағдай күрделене түскен кезде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.
 
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын барлық сақтық шараларын: бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, дезинфекциялық құралдарды пайдалануды және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауды жалғастыруға шақырады.
 
 
 

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз