Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қазан, 2020

Түпқарағанда 55 адам қайтарымсыз грант алды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының жаңа бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша 55 азаматқа 30 558 000 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Бұл туралы Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Римма Жақсылық мәлім етті.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіп ашуы үшін аудан көлемінде 55 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Оның ішінде 3 аз қамтылған отбасы мүшесі, 10 көп балалы ана, 21 жас кәсіпкерлер, 5 мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінді. Нақтырақ айтқанда, құс және мал шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, наубайхана, кондитерлік өнім, көлік қаптамаларын тігу, тоңазытқыштарды жөндеу, компьютерлік қызмет көрсету, сұлулық салоны, шаштараз, тігін салаларына грант бөлінді»,-деді Римма Жақсылық.

Бизнеске жоспарын ұсынып грантқа ие болғандардың бірі - екінші топтағы мүгедек Мурадуллаев Дияс Нұрбекұлы. Ол инкубатор арқылы балапан өсіруді қолға алды.

«Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында оқу курсын оқып, өзімнің бизнес жоспарымды ұсындым. Нәтижесінде, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік грантқа қол жеткіздім. Алғашқы талабымды шағын кәсіптен бастап, инкубатор арқылы балапан өсіруді қолға алдым. Одан соң қызушылығым артып, тауық түрін сатып алдым. Бүгінде тауық көбеюде, жұмыртқаларға сұраныс көп. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібімді дөңгелетіп отырмын», - деді ол.

394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз