Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 21 Қазан, 2020

Екінші тоқсанда мектеп оқушылары қандай форматта оқиды?

Екінші тоқсанда мектеп оқушылары қандай форматта оқитыны туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят айтты. 

«Балалардың мектепке баруы жөнінде мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде жұмыс жүргізуде. Ол комиссияның құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де енеді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешілетін болады», - деді Ажар Ғинаят.

Бұған дейін бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап беріп, шешімді Денсаулық сақтау министрлігінен күтіп отырғанын хабарлаған еді. «Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деген болатын БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз