Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Қазан, 2020

Алматы облысында браконьерлер ұсталды

Алматы облысында полицейлер браконьерден тау ешкінің еті мен екі мылтықты тәркіледі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Браконьер» жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған. Соның аясында Райымбек ауданының полицейлері Талғар ауданының 36 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота Марк-2» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің ішінен тау ешкісінің еті және екі ойық аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.Олар сараптамаға жіберілді. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қолхатпен босатылды.

 

366 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз