Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қазан, 2020

Маским Споткай қазақ тілін дамыту үшін арнайы жоба керектігін айтты

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобының мүшесі Маским Споткай өзге елдердің ұлттық жобаларын қайталамау керектігі туралы айтты.

 –Өзге елдердің ұлттық жобаларын қайталаудан бас тартуымыз керек. Еліміздің ерекшеліктері ескерілмей жасалған шетелдік тәжірибелер әрдайым сәтсіз болады. Сондықтан жобалар «жабық есік» жағдайында дайындалмауы тиіс. Қазақта «келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Сондықтан мұндай жұмыстарға тәуелсіз сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, әсіресе жастардың араласқаны жөн», - деді Маским Споткай.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі рухани жаңғыру ұлттық бірлік, ағарту және барлық саланы  қамтуы тиіс екендіңгін айтты.

–Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Қазақ тілі – этносаралық қарым-қатынас тілі» деген идеясын дамыту үшін арнайы жоба әзірлеу маңызды деп санаймыз, -деді Максим Споткай.

337 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз