Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Қазан, 2020

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 20-26 қараша аралығында Алматыдағы «Достық» оқу-спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Республикалық күрес федерациясы ресми Instagram-парақшасында хабарлады. Турнир көрерменсіз өтеді.

Еске сала кетейік, Біріккен дүниежүзілік күрес (UWW) Белградта желтоқсанның 12-нен 20-на дейін үш күрестен лицензиялық әлем чемпионатын өткізу туралы алдын ала шешім қабылдады. UWW Атқарушы комитеті ересектер арасындағы әлем чемпионаты туралы соңғы шешімді 6 қарашада қабылдайды

573 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз