Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қазан, 2020

Жұмыссызға несие берген банктерді жауапқа тарту ұсынылды

Халықтың әлеуметтік жағдайының ушығуына себепкер болып отырған банктердің жұмысына сараптама жүргізу керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында кеңес мүшесі Ләззат Қожахметова мәлім етті. Несиесін төлей алмай отырған адамдар мәселесіне тоқталған ол: «Пандемия кезінде сот орындаушылары мен коллекторлар халыққа қысым көрсетіп, алдау мен арбау фактілері көбейіп жатыр. Барлық есепшоттары бұғатталған отбасылар бар. Әрине, негізсіз несие алған тұрғындардың да кінәсі бар. Бірақ, осыған байланысты проблемалық несиесі көп банктерді анықтауды сұраймыз. Себебі, Қазақстанда кейбір банктер жұмыс істемейтін, зейнетақы жарнасы аударылмайтын, төлем қабілеті жоқ, басқа банктерде бірнеше несиесі бар адамдарға жоғары пайызбен несие таратқан. Яғни халықтың әлеуметтік жағдайының ушығуына себепкер болып отырған банктер мен қаржы ұйымдары бар», - деді Ләззат Қожахметова. Осы орайда ол індетке байланысты жұмыссыз қалып отырған адамдардың несиеге байланысты проблемалары ушыққанын атап өтті. «Мұндай жағдайға әкеліп отырған банктердің де жұмысына сараптама жүргізіліп, олар да жауапқа тартылуы қажет деп есептейміз», - деді кеңес мүшесі.


                                 inform.kz

333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз