Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қазан, 2020

Елордада демалыс күні қоғамдық көліктер жүре ме?

Жексенбі, 25 қазан күні елордада қоғамдық көліктер қатынамайды. CTS компаниясының мәліметінше, ол күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Дүйсенбі, 26 қазанда автобустар қайтадан қатынайды. «Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж. Пірәлиеваның 16 қазандағы жаңа қаулысына сәйкес, елордада шектеу және карантин шаралары қатаңдатылды. Оның ішінде қалалық қоғамдық көліктің жұмыс кестесі жұмыс күндері және сенбіде сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін бекітілді. Бұл ретте, қарбалас сағаттарда автобустар саны ұлғайтылады, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңделеді, кіріп-шығу үшін барлық есіктер ашылатын болады, жолаушыларға қолжетімді орындарда санитайзерлер орнатылады. Жолаушылар әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. Жолаушылар мен жүргізушілерге бетперде кию - міндетті.

Жексенбі күндері автобус жұмысына тыйым салынады.


                                     inform.kz

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз