Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Қазан, 2020

Өзіңе сен

 

Өзіне сенімсіз адам басқаға да сене алмайды. Өйткені ішінде сенім базасы жоқ. Бұл жерде - аңқаулықтан алаяққа алдану мен сенім арта білудің ара-жігін ашу қажет. Сенуге тұрарлық, әбден лайықты серіктеске, досқа немесе танысқа толық сене алмау, үнемі күмәнданып жүру - сенімсіздіктің бір көрсеткіші. Ал алаяққа алдану - көп жағдайда тәжірибе жетпеуден, т.б. себептерден болуы мүмкін.

Бізді қоршаған әлемнен біз өзімізге қажеттінің бәрін ала аламыз. Бере де аламыз. Тек, өзара сенім және сыйластық болғанда. Бақай есепсіз, бармақ санаусыз, риясыз қарым-қатынас құру шын мәнінде өте оңай. Бірақ, адамдар сол оп-оңай дүниені барынша қиындатып, қабатын қалыңдатып жібереді.

Әдетте адамда екі түрлі бағдар болуы мүмкін. Оң, дұрыс және теріс. Теріс бағдар - қызғаныш, көреалмаушылық, ішкі бәсеке тудырады. Бұл бағдардағы жандар өте көп ресурсын жұртпен алысуға, аңдуға жұмсайды. Өзінен озып бара жатқандарды көріп қиналады. Іші күйіп, жымысқы әрекеттерге баруы мүмкін. Бұл тіпті адастыра түседі. Және ешқашан жан тыныштығын да, жетістік те әкелмейді.

Өйткені, бұл күйде біреудің жетістігін мойындау өте қиын. Керісінше, кемшілік іздеп тұрады. Бір минус тапса, қуанып, жеңілдеп қалады. Сырттан қарасаң тіпті күлкілі сияқты. Бірақ  адамдар ұзақ жылдар осындай күйде жүргенін өзі байқамайды. Бұл ішкі ресурсты кеміте береді. Яғни, жетістік, бақыт ауылы алыстай береді.

Салдары - қорқыныш, ішкі қайшылық, өзіне көңілі толмау, стресс. Өз әрекеттеріне қағанаттанбау. Тіпті жақсы әрекеттерін де ең алдымен өзі құнсыздандырады. Үнемі бірдеңе жетіспей тұрғандай болады. Жетпей тұрған - білім, уақыт, жағдай, ақша  деп түрлі сылтау іздейді.Осы жерде басқалардың әрекетін сынау, негативті көзқарас, іштарлық орын алады.Сөйтіп, "синдром неудачника" қалыптаса бастайды.

Мұндайда өзіңді бағалауың төмендейді. Бұл шығармашылық потенциалды жабады, рухани өсу болмайды, бүкіл ресурс тоқырауға түседі.

Осы өз кемшіліктерін іштей жоққа шығару үшін, адам өзіне иллюзия жасап алады.

Бұл әрекеттерден ең үлкен зардап шегетін адамның өзі. Ол сынап-мінегендердің қылшығы қисаймайды. Тек бұл кісінің өзінің жан жарасы үлкейе береді...

Anar_yessen-нің инстаграм парақшасынан

1189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз