Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қазан, 2020

Сайлауға қатысты сауалдар бар

Ортсайлауком төрағасы Б. Имашев сайлау кезінде онлайн-дауыс беру болмайтынын мәлімдеді

22 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев журналистің сұрағына жауап бере отырып, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі науқанында онлайн-дауыс беру көзделмегенін мәлімдеді.

«Сайлау комиссиялары сайлауды әзірлеу мен өткізуді заңнамада белгіленген нормаларға сәйкес қатаң жүзеге асырады. Заңнамаға сәйкес онлайн дауыс беру қарастырылмаған. Демек, дауыс беру дәстүрлі қағаз бюллетендерімен өтеді», - деді Б.Имашев.

ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау науқанының ерекшелігі неде?

22 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз мәслихатында ОСК мүшелері алдағы науқанның ерекшеліктері туралы айтты.

Сонымен, Мәжіліс депутаттарын сайлау науқаны кезекті болып өтеді, сондықтан оның ұзақтығы шамамен үш айды құрайды.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау пропорционалды жүйе бойынша алғаш рет өткізілейін деп отыр, яғни мәслихат депутаттары партия тізіміне сәйкес сайланады. Бұған дейін жергілікті өкілді органдарға сайлау мажоритарлық сайлау жүйе бойынша өткен болатын.

Ортсайлауком төрағасы Б.Имашевтың айтуы бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесіне көшу конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылады. Сонымен бірге, республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды құру жөніндегі тәсілдерді біріздендіреді. Осылайша, сайлау процесінде саяси партиялардың құқықтары кеңейтілді, бұл олардың жергілікті жерлердегі белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Бұдан басқа, Мәжіліс пен мәслихаттың осы сайлауында сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 пайыз квота туралы заң нормасы іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, сайлау осы процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтай отырып, жаңа форматта өтеді.

№ 4 сұрақ: Пандемия жағдайында сайлау өткізу орынды ма?

Орталық сайлау комиссиясы пандемия аясында Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанын өткізудің орындылығы туралы жауап берді.

 ҚР ОСК мүшесі С.Сыдықов Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы осы өкілді орган депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімдерінің аяқталуына байланысты өткізілетіндігін атап өтті.

         Қолданыстағы заңнама шеңберінде сайлау мерзімдерін ауыстыру үшін құқықтық негіздер жоқ. Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының өкілеттігін ұзарту үшін конституциялық мүмкіндіктер жоқ.

Осылайша, сайлау заңнама негізінде өткізіледі. Сонымен қатар, біздің елімізде пандемия жағдайында сайлау өткізу тәжірибесі де бар– бұл осы жылдың тамыз айында өткен Парламент Сенаты  депутаттарын сайлау.

Сайлау процесіне қатысушыларды қамтамасыз ету бойынша барлық санитарлық нормалар сақталған болатын.

Сонымен қоса, COVID-19-ға қатысты алаңдаушылыққа қарамастан, кем дегенде 68 ел мен аумақ бастапқыда жоспарланғандай сайлау өткізуге шешім қабылдады; осы сайлаудың кем дегенде 52-сі жалпыхалықтық сайлау немесе референдум болды.

Сондықтан, CОVID жағдайында сайлау өткізу жалпы әлемдік трендке сәйкес келеді және осы іс-шараның барлық қатысушыларының денсаулығына кепілдік беру бойынша тәжірибелік жолмен тексерілген.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауында әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота сақтала ма?

22 қазанда Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясында сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін міндетті 30 пайыз квота туралы заңнаманың жаңа нормасын сақтау мәселе қаралды.

Осылайша, Заңның аталған нормасы Мәжіліс пен мәслихаттың осы сайлауында іске асырылуға тиіс. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл норма әйелдер мен жастарды Парламентке және жергілікті өкілді органдарға тартудың тиімді тетігі болмақ. Бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуына ықпал етеді.

ОСК Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс екенін нақтылады. Заңның бұл нормасы Мәжіліске де, мәслихатқа да қатысты. Бұл ретте, заңнаманың бұл талабын кандидаттарды ұсыну кезеңінде де, оларды тіркеу кезеңінде де саяси партиялар орындауға тиіс.

         Егер ұсынылғаннан кейін кандидаттардың бір бөлігі конституциялық талаптарға сәйкес келмесе, бұл әйелдер мен жастар бойынша заңнамада белгіленген квотаның төмендеуіне алып келеді, онда бұл партиялық тізім тіркеуге жіберілмейді.

Сауалнамалар сайлау заңнамасына сәйкес жүргізілуі керек.

Сайлау заңнамасына сәйкес қоғамдық пікір сауалы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сұрау салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалының нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау жүргізген заңды тұлғаны, сұрау салуға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген адамдарды, сұрау жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сұрау салынғандардың саны мен сұрау салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейді.

Заңнаманың осы нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

 

1679 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз