Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Қазан, 2020

Қырғызстандағы сайлау конституциялық реформадан кейін өтеді

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров «ҚР Президенті мен Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлау туралы «Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңының кейбір нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Конституциялық Заңына қол қойды.

Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі заңды кеше қабылдады. 

Бұл Конституциялық заңды қабылдау қажеттігі бірқатар мән-жайлардан, елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалдан туындады.

Қабылданған заңда конституциялық реформа жүргізу аяқталғанға дейін Жоғарғы Кеңес депутаттарының қайта сайлауын өткізу тәртібі регламенттелген «Жоғарғы Кеңес Президентін және депутаттарын сайлау туралы» Қырғыз Конституциялық Заңының 38 және 63-баптарының қолданысын тоқтата тұру көзделеді. Жоғарғы Кеңес депутаттарын сайлауды өткізу мерзімі Конституциялық реформа жүргізілгеннен кейін осы елдің заңнамасына сәйкес, бірақ 2021 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей белгіленеді.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді. 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырды.

498 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз