Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Қазан, 2020

Данияр Елеусінов сұхбат берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Youtube-тегі «Dmitriу Smolyakov» арнасына берген сұхбатында Флоридадағы өмір туралы айтып, әуесқой бокстағы жетістіктерін еске түсірді.

Флоридадағы өмір туралы

«Флоридада өмір сүру керемет. Маған ұнайды. Мұнда жаттығу үшін ауа-райы өте қолайлы. Жыл бойына жылы. Рас, кейде қазақтың суығын сағынасың. Менің мұнда келгеніме бір жыл болды. Әрине, мен өз Отанымды сағынамын. Онда менің анам мен үлкен ұлым бар».

Әуесқой бокстағы алғашқы жеңіліс туралы

«Мен бірінші жеңіліске әуесқойлардан 102-ші жекпе-жекте, 2007 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында ұшырадым. Бірақ сол жерде де мен жеңілдім деп ойламаймын»

Бокстағы кумир туралы

«Менің сүйікті боксшым - Бекзат Саттарханов. Ол қайғылы жағдайда қайтыс болды. Олимпиада ойындарында 20 жасында жеңіске жетті. Маған оның рингте қозғалуы, жылдамдығы мен техникасы ұнады. Рингте қарсыласына ұстатпайтын. Сол олимпиададан кейін Сиднейде ол Қазақстан жастарына үлгі болды»

Хабиб Нурмагомедов туралы

«Мен Хабибті қолдаймын. Оның қарсыласы Гэтжи де мықты секілді. Бірақ Нурмагомедовтың барлық қарсыластары мықты дейді. Жекпе-жекке келгенде, Хабиб әрқашан жеңіске жетеді».

Келесі қарсылас Джулиус Индонго туралы

«Мен үшін Индонгомен жұдырықтасу - бокстағы алға қадам. Жасы келсе де, шеберлігі жоғары боксшы. Ол 34-35 жасында Эдуард Трояновскийді жеңіп, әлем чемпионы атанды. Содан кейін ол әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі Теренс Кроуфордтан жеңіліп қалды»

Болашақтағы жекпе-жектер

«Кроуфорд және Спенспен жұдырықтасқым келеді. Кит Турман, Шон Портер және Дэнни Гарсия да бар. Біздің дивизионда кіл мықтылар жиналған. Мақсатым - чемпиондық белбеуді жеңіп алу»

1016 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз