Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Қазан, 2020

Президент сот жүйесін реформалауды тапсырды

Судья болуға ниетті азаматтардың репутациясы енді басты назарға алынады. Сондай-ақ, олардың кәсібилігі мен біліктілігі де тұрақты түрде сыналып отырмақ. Бүгін Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Ол Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановқа сот жүйесін түбегейлі реформалауды тапсырды.

Онда цифрландырудың бірқатар шарттары қоса қарастырылуы тиіс. Себебі пандемия сот қызметінің де жұмысын шұғыл өзгерту қажеттілігін көрсеткен. Мәселен, бұған дейін онлайн форматта 150 сот отырысы өткізіліп келсе, қазір бұл сан күніне 4,5 мыңға жетіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан бөлек судьялыққа кандидаттар қатарын да көбейтуді жүктеді. Енді адвокаттар мен заңгерлер де бұл қызметке үміткер бола алады. Президент соңғы уақытта сот шешіміне БАҚ пен блогерлердің тым әсер етіп кетіп жатқанын да атады. Мемлекет басшысы бұл сыртқы фактор болғандықтан, Үкімге ешбір кері әсерін бермеуі тиіс екенін айтты.

520 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз