Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қазан, 2020

Бекшин той-томалақтан бас тартуға шақырды

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды той-томалақтан бас тартуға шақырды


Жандарбек Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі – жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті, өйткені ондай жиындар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі.

«Менің той ұйымдастырушыларына айтарым, Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы отбасыларына да қауіп төндіресіз. Сондай - ақ, той немесе еске алу кеші тексеруші топтың талабы бойынша тоқтатылады. Сөйтіп, той иелерін қонақтардың алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырасыздар», - деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, ол эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып саналатынын атап өтті.



431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз