Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Қазан, 2020

Азық-түлік қауіпсіздігіне арналған онлайн-платформа

Қазақстанда ірі бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатысуымен елдегі орнықты  даму мақсаттарын талқылау үшін «ОДМ және Бизнес пікірталас платформасы» өз жұмысын бастады.

Бұл онлайн-алаңның негізгі мақсаты - БАҚ-та, бизнес қоғамдастықта және ҮЕҰ секторында орнықты даму мәселелерін көтеру және БҰҰ-ның орнықты  даму мақсаттарын (ОДМ) танымал ету, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның назарын экология, адам құқықтары, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, халықаралық әріптестікті дамыту және т.б. мәселелеріне аудару.

Жобаның бастамашысы «Expo&Women» халықаралық ұйымы, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы», «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» және «Қазақстан еріктілері Альянсы» ҮЕҰ тобымен құрылған «Қазақстандағы ОДМ-2030» қоғамдық институты болып табылады.

Бірінші онлайн-конференция Дүниежүзілік азық-түлік күні аясында «Азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге бизнес-қауымдастықты тарту» тақырыбында өтті.

Конференция барысында «Қазақстандағы ОДМ-2030» қоғамдық институтының басшысы Л.Асқарова соңғы деректерге сәйкес, әлемде 821 миллион адам дұрыс тамақтанбаудан зардап шегетінін, бұл аштықты жою мақсатына қол жеткізуге қауіп төндіретінін атап өтті. Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 32 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан өзін жеміспен орта есеппен 80% - ға қамтамасыз етеді. Қазақстан құс етінің 21% - ын, алманың 42% - ын, қанттың 55% - ын, сүттің 500 мың тоннасын импорттайды. Республика өзін 62% балықпен, 58% ірімшік және сүзбе, 61% шұжықпен қамтамасыз етеді. 2019 жылы 18,7 млн.адамға шаққанда негізгі азық- түлік өндірісі 38,9 млн. тоннаны құрады, оның ішінде дәнді дақылдар- 16,8 млн тонна; көкөністер, бақша және тамыр жемістілер- 11,2 млн тонна; сүт- 5,9 млн тонна; ет- 1,1 млн тонна; бұршақ дақылдары- 196 мың тонна; балық- 45,4 мың тонна; жаңғақтар-3,8 мың тонна. Бір адам басын қамтамасыз ету көрсеткіші жылына 1,9 тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш әлемдік көрсеткіштен 2,2 есе жоғары. Алайда, осы көрсеткіштерге қарамастан, COVID-19 салдарынан орын алған ұзақ карантин Қазақстанның азық-түлік нарығының импорттық өнімге қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, Қазақстанға импорт жеткізілімдері бұзылған жағдайда елдің барлық аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өндірісті ұлғайту және дамыту қажет.

Онлайн конференцияда Қазақстан Республикасындағы байланыс және серіктестік бойынша БҰҰ ФАО кеңсесінің басшысы Қайрат Нәжмиденов ҚР азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы БҰҰ жүзеге асырып жатқан жобалар туралы айтып берді. Қ.Нәжмиденовтың айтуынша негізгі міндет – ОДМ арқылы ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығына қол жеткізу. ФАО бағалауынша бүкіл әлемде азық-түліктің 30%-ға дейіні жоғалады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жопарлау басқармасының башысы Айхан Сұлтан қазіргі уақыта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға арналған жаңа бағдарламасын әзірлеу жүріп жатқанын айтты. Министрлік ауыл шаруашылық субъектілері арасындағы кооперация қағидаты арқылы ауыл шаруашылығының дамуын ынталандыруды жоспарлап отыр.  

Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстанда ОДМ іске асыру тәсілдеріне тоқталды. Ол түрлі министрліктердің жанында құрылатын және белгілі бір ОДМ-дың жүзеге асуын реттейтін жұмыс топтары туралы айтып берді. Б. Хамбар Қазақстанда қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы арасында 2,7 есе алшақтық бар екенін атап кетті .

Қазақстан мен Қырғызстандағы «Coca-Cola» халықаралық компаниясының үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері А.Аккирман «Coca-Cola белестері» жобасы туралы айтып берді, оның аясында әйелдер жыл сайын, әсіресе ауыл шаруашылығы секторында өз шағын бизнесін ашуға гранттар алады. Жоба жұмыс істеген 8 жыл ішінде 30 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер әйелдер кәсіпкерліктің базалық дағдылары бойынша оқып, өз кәсіптерін  құруға қабілеттерін арттырды. Жоба шеңберінде 100-ден астам жұмыс орнын ашқан 60-тан астам шағын бизнеске микро-гранттармен қолдау көрсетілді және осы жылы тағы 20 бастамашы кәсіпкер грантқа ие болып, өз ісін бастай алады. Әйелдер ашқан шағын кәсіпорындардың 60%-дан астамы ауыл шаруашылығының түрлі салаларында – құс шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндіруден бастап омарта шаруашылығы мен шәй шығаруға дейін – жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Нұр» ШҚ басшысы, «Кедейлікті жою»  1 ОДМ көшбасшысы С.Маутееваның баяндамасы ірімшік, сүт және ет өндірісін қоса алғанда, жеке ауыл шаруашылығы өнімінің өндіру тәжірибесіне арналған. С Маутеева 200 жұмыс орындық шаруа қожалығын ашты.

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушысы А.Ахметова Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы фермерлік жобаның тәжірибесін ұсынды. Компания аталмыш жобаны 2011 жылдан бері қаржыландырып келеді. Жоба шеңберінде көкөніс шаруашылығында ғылыми және инновациялық тәсілдер енгізілуде, олардың арасында зиянкестер санының табиғи реттегіші ретінде пайдалы жәндіктерді пайдалану, сондай-ақ жылыжайларда тек органикалық тыңайтқыштарды қолдану бар. Жобаның арқасында 150-ге жуық адам маусымдық кезеңде егістіктерде жұмыс жасайды, жылына 180 шаруа кеңес алады, ал жылыжайларда өндірілетін дақылдардың ауданы 25 есе ұлғайды. Соңғы 5 жылда 4365 ауыл тұрғыны оқып шықты. Шелек шаруаларының моделі Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда пайдалану жоспарланып отырған кооперация моделі ретінде қарастырылады.

«ОДМ және Бизнес» онлайн-алаңы ай сайын жұмыс істейтін болады және Zoom-конференциялар форматында өтеді. Талқылауға арналған тақырыптар журналистермен бірге таңдалады. Әрбір кездесуде БАҚ өкілдері тек сұрақтар қойып қана қоймай, спикер ретінде сөз сөйлеуге, талқыланатын мәселелердің қандай да бір аспектілері туралы айтуға, сондай-ақ келесі кездесу үшін тақырыптарды таңдауға қатысуға мүмкіндік алады.

«ОДМ пікірталас платформасы және Бизнес» туралы

«ОДМ және Бизнес» пікірталас платформасы «Қазақстандағы ОДМ-2030» қоғамдық институтымен құрылды. Онлайн-алаң Қазақстанның бизнес қоғамдастығы арасында БҰҰ ОДМ танымал етуде басты рөл атқарады, сондай-ақ қоғамның назарын экология, адам құқықтары, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, халықаралық әріптестікті дамыту және басқа да мәселелерге назар аударады.

 

 

 

500 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз