Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Елорда тұрғындары осы демалыс күндері азық-түлік өнімдерін шаруалардан төмен бағамен сатып ала алады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Нұр-Сұлтанда "Хан Шатыр" СО алаңында соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өңірлерден шаруалар 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін әкелді.

“10 шақты етпен айналысатын саудагер жұмыс жасауда. Еттің көп мөлшері Ақмола облысынан әкелінді, сиыр етін 1 700 тг сатудамыз. ШҚО 30-40 тонна жылқы етін ұсынып отыр, бағасы 1 900 тг, қазы-қарта, жал-жая 2 100 тг саудалануда. Барлық азық-түлік ішінен ет өнімі жақсы өтіп жатыр”, – дейді қалалық әкімдіктің өкілі Ермек Ширекбаев.

Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие. Жәрмеңкеде бір килограмм картоп немесе сәбізді 80 теңгеге сатып алуға болады.

"Павлодар облысынан 10 тонна картоп әкелдік, бағасы тұрақты, сапалы өнім деп айтуға болады. Жалпы алғанда 40 тоннадан аса көкөніс өнімі әкелінді. Сонымен қоса сәбіз бен пиязды да арзан бағаға аласыздар. “Қыстың қамын жазда ойла” демекші, халық көп келуде және көкөністерді қаппен алуда”, – дейді М-АГРО өкілі Дархан Сайділдин.

Ауыл шаруашылық тауарлары тікелей өндірушілерден делдалсыз жеткізіледі. Демек тауар құны арзан болады. Жылқы еті – 1 900 тг, сиыр еті – 1 700 тг, қой еті – 1 700 тг, құс еті – 900-1 200 тг, жұмыртқаның бір санаты 350 тг, бал – 1 500-2 000 тг, шұжық – 1 400-2 000, көкөністер картоп 80-90 тг, қызанақ-қияр 400 тг, алма 300-400 теңгеден сатылады.

Жәрмеңкеде бірнеше дилер компаниялары: Павлодар облысының «Рубиком» ЖШС, «Крегель» ЖШС және Солтүстік Қазақстан облысының «Панченко» кондитерлік фабрикасының өнімдері саудалануда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай аймақтық жәрмеңкелер азық-түлік бағасын тұрақтандыру, өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, іс-шара барлық санитарлық ережелер мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Келушілерге маска тағу, санитайзерлерді пайдалану және қашықтықты сақтау талаптары қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкелер қыркүйек айының басынан бастап, әр демалыс күндері өткізілді. Осы уақыт ішінде шаруалар Нұр-Сұлтанға 4 300 тоннадан астам өнім әкелді. Тұрғындар сұранысынан соң, қалада жәрмеңкелерді өткізуді қазан айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз