Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2020

Алматыда дәмханадан өрт шықты

Алматыда Сейфуллин даңғылында орналасқан дәмханадан өрт шығып, 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«24 қазан күні «Қазына» дәмханасынан өрт шықты. Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері өрттің жылдам күшейіп жатқанын анықтады. Өрттен 8 адам құтқарылып, 20 адам эвакуацияланды», - деп жазылған хабарламада.

Алматы ТЖД адамдар көп жиналатын объектілерде өрттің алғашқы белгілері кезінде (күйіктің иісі, түтін, дабылдың іске қосылуы) тез арада нұсқағыштарға қарап эвакуациялық шығу жолдарын тауып, ғимараттан шығу керек екенін ескертеді. 

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз