Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2020

Коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 120 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

25 қазандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы, науқастардың арасында 120 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың халі аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», — делінген хабарламада.

282 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз