Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 25 Қазан, 2020

Хабиб Нұрмагомедов спорттан кетті

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы ол UFC турниріндегі чемпиондық атағын қорғаған соң айтты.

«Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Маған UFC басшылары қоңырау шалып, Джастинмен төбелесетінімді айтқанда, анаммен үш күн бойы ақылдастым. Ол кісі әкем жоқта төбелескенімді қаламады. Бұл менің соңғы айқасым болатынына уәде бердім. Уәде берген соң оны орындаймын. Бүгін UFC турнирімен қоштасамын», – деді Хабиб.

Спортшы UFC басшылары мен бапкерлеріне, командаластарына алғысын жеткізді.

«Барлықтарыңызға рахмет! Бір ғана айтарым – жақындарыңыздың жанында болыңыздар!» — деді чемпион.

Айта кетсек, Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын екінші раундта жеңді. Хабиб 2018 жылы жеңіп алған чемпиондық белбеуін үшінші мәрте қорғады. Оған америкалық Джастин Гэтжи қарсылас атанды.

707 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз