Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Қазан, 2020

Ағылшын тілінің мұғалімі мотомектеп ашты

Қарағандыда ағылшын тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім кәсібін тастап, қалада алғашқы мотомектеп ашты. 24 жастағы Валерия Руссу енді жастарға мотоцикл айдауды үйретпек. Бұл көлік түріне қызығушылар өте көп дейді ол. Бұрындары қала көшелерінен байкерлерді сирек кездестіретін болсақ, қазір жұрттың көпшілігі көлігін мотоциклға ауыстырған. Оның басты себебі – кептелісте сағаттап тұрмайсың, кез келген жерге қаңтарып кете бересің дейді тұрғындар. Халық тарапынан сұраныс болған соң, Валерия Руссу облыстағы алғашқы мотомектепті ашуға бел буған. Кәсіпкерлік курсын оқып, бизнес жобасымен грант жеңіп алған. Осылайша қайтарымсыз қаржымен жұмысын бастайды. Шәкірттер де тез табылыпты. Бір қызығы, 70 проценті қыз балалар екен. Мектепте мотоцикл жүргізудің қыр-сырын толық үйретеді. Қандай жылдамдықпен қозғалу керек, қалай бұрылу қажет? Тежегішті басудың да өз тәртібі бар дейді тәжірибелі байкерлер. Мұнда тіпті, техника мен киімді де дұрыс таңдауға кеңес береді. Мотомектеп ешқандай сертификат, құжат бермейді.  Яғни мұнда келетін адамның жүргізуші куәлігі болу керек. Әзірге мотомектеп жылдың тек жылы мезгілдерінде ғана жұмыс жасайды. Валерия келешекте қысқы павильон ашуды да көздеп отыр.


                                                         24.kz

713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз