Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қазан, 2020

Жас отбасылар арасында жүгіру марафоны өтті

1-21 қазан аралығында «Отбасы - бақыт мекені» отбасы институтын нығайту жөніндегі шаралар кешені аясында елордадағы жас отбасылар арасында жүгіру марафоны өтті.

Жеңімпаздар триатлон паркінде тәжірибелі жаттықтырушы және «Street Workout Kazakhstan Тур» негізін қалаушы Айтым Жақыповтың қатысуымен марапатталды.

Марафон барысында ең ұзақ қашықтыққа жүгірген жеңімпаз 20 отбасының есімі белгілі болды. Оларға тұрмыстық техника мен электроника сатып алуға 50 мың теңгенің сертификаттары, сондай-ақ «Отбасы - Бақыт мекені» жобасының мерейтойлық медальдары мен бас киімдері табысталды.

«Жақсы әдет қалыптастыру үшін 21 күн қажет дейді. Шара ұйымдастырушылары қатысушыларда бірге жүгіру әдеті қалыптасты деп үміттенеді. Бұл иммунитетті жақсартып қана қоймай, ерлі-зайыптыларға бірлескен хоббиді табуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

213 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз