Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қазан, 2020

Мәжіліс аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Палатаның алдағы жалпы отырысы күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттар бірінші оқылымда Экологиялық кодекстің жобасын ілеспе түзетулермен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы экология мәселелері бойынша кодексті заңнамалық өзгертулермен, сондай-ақ Салық кодексіне және экология мәселелері бойынша оны қолданысқа енгізу туралы заңға түзетулерді талқылайды.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата аппаратының жаңа басшысы Дастан Махаевты таныстырды.

Ол бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз