Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 26 Қазан, 2020

Бақытты болудың 10 қағидасы


Бақыттың формуласы жоқ. Бірақ бақытты адамдардан бақытты ғұмырларының сырын сұрап жатамыз. Соня Любомирски 25 жылдан астам уақыттан бері бақытты өмір сүрудің құпиясын ашу бағытында еңбектеніп келе жатқан психолог маман. Ол қаншама зерттеулер мен  эксперимент нəтижелерінен ондаған ғылыми жұмыстар мен кітаптар жазған.  Психолог осы еңбектерінен тұжырымдап,  бақытты болу үшін мына бір қарапайым қағидаларды сақтасаңыздар болды деп 10 кеңес ұсынады.
1. Ұсақ-түйек демей, кез келген қуанышты сəтті бағалап, қуана біліңіз жəне айналаңызға қуаныш сыйлаңыз.
2. Кешіруді үйреніңіз. Өзіңізді ренжіткен адамға  ешқандай өкпем жоқ, кешірдім деп хат жазыңыз. Ол хатты жіберуге мүмкіндік болмаса да жазыңыз.
3. Айналаңызға əркез көмектесіп, қайырыңызды тигізіп жүріңіз.
4. Қарым-қатынасыңыз дұрыс емес адаммен қатынасыңызды түзеп алыңыз.
5. Өзіңізді біреумен салыстырмаңыз. Егер салыстыра бастасаңыз, ойыңызды басқа жаққа бұруға бар күшіңізді салыңыз.
6. Стресс,  уайым-қайғыңызды сейілтудің жолын ойлап табыңыз. Өзіңізге өзіңіз ғана көмектесе аласыз.
7. Өмірде жолыңыз болған сəттерді ойлап, ризашылықпен еске алыңыз.
8. Рухани баюға мəн беріңіз. Рухани бай, Құдайға сенімі мықты адамдар басқаларға қарағанда бақыттырақ болады.
9. Алдыңызға мақсаттар қойып, жетуге бар күш-жігеріңізді жұмсаңыз.
10. Өз дене бітімізге күтім жасаңыз. Спортпен айналысып, көп қимылдаңыз, əрқашан күлімдеп, жарқырай күліп жүріңіз.
"The How of Happiness"
Дайындаған Айнұр Əкімбайқызы 

2170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз