Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қазан, 2020

Кинотеатрлар тек екі қалада ашылды

Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев 26 қазаннан бастап Қазақстанда кинотеатрлар ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Қаулы бойынша Атырау мен Ақтауда Kinoplexx ашуға рұқсат етілді. Бұл екі қалаға 26 қазаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, залды 30 пайызға дейін толтырып жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат етілген», — деді Ерлан Бұхарбаев.

Сондай-ақ, ол таңертең билеттер бағасына қатысты жалған мәліметтер тарағанын айтады.

Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, билет құны 1000-нан 3000 теңгеге дейін.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетін әзірге бұл мәліметке қатысты пікір білдірген жоқ.

312 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз