Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қазан, 2020

"Абай жолы" видеосаммариінің екінші томы аяқталды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарыққа шыққан "Абай жолы" видеосаммариінің екінші томы аяқталды. Massaget TV YouTube-каналында қазір эпопеяның 15 тарауы жарияланды.

Екінші томда Абай қандай да бір даудың төрелігін айтатын әділ, әкесі Құнанбай мен ағасы Тәкежаннан ажырағанына өкінбей, халқының мұңын мұңдап,  жоғын жоқтайтын көреген етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Абайдың артынан ерген өнерпаз жастап оның өлеңдерін жатқа оқып, шығармашылығы жұртқа таныла бастайды.

 

Еске салайық, жоба Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 10 тамызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарыққа шықты.

Эпопеяның барлық 28 тарауы жыл соңына дейін Massaget TV YouTube-арнасында жарияланады.

361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз