Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қазан, 2020

Қазақстанда электронды сауда көлемі артты

Өткен жарты жылда елімізде электронды сауда көлемі екі есе артқан. Яғни былтырмен салыстырғанда қазақстандықтар тауарларға интернет арқылы екі есе көп тапсырыс берген. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Айтуынша, 50 қазақстандық компания «Алибаба» алаңына шыққан көрінеді. Тағы 50 компания жыл соңына дейін аталған платофрмада жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек министр Ұлттық тауар өткізу жүйесі жайлы да айтып берді. Тауар бағасын сауда нысандарын көбейту арқылы арзандатуды көздейтін жүйені жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр деді Бақыт Сұлтанов. Әзірге мұндай 24 нысан салу жоспарланған.


302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз