Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 27 Қазан, 2020

Мамин Бекетаевқа тапсырма берді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің онлайн отырысында заң жобасы жобасының орындалуы бойынша тапсырма берді.

Келесі жылы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында туындаған екі заң жобасын Парламентке енгізуіміз қажет. 2021 жылға арналған жоспарда 19 заң жобасын дайындау көзделіп отыр. Жалпы Үкіметтің заң жобалау жұмыстарын 2021 жылға арналған жоспардың жобасын мақұлдауды ұсынамын. Осыған орай мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасына және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы енгізілуіне ерекше назар аударуды тапсырамын, - деді Мамин. 

Ол Премьер-министрдің кеңсесі осы жылы 30 қазанға дейін Мемлекет басшысының атына жоспар жобасын келісу үшін хат жобасын дайындауды тапсырды.  

Сондай-ақ Мамин жоспардың орындалуы мен үйлестірілуін бақылауды Марат Бекетаевқа жүктеді. 

baq.kz

330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз