Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Қазан, 2020

Қазақстан құрамасының шабуылшысы мансабын аяқтайды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Мартен Сен-Пьер LeDroit басылымына берген сұқбатында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын айтты.

37 жастағы хоккейші қазір «Дунауйвароши Ацельбикак» командасының жейдесінде өнер көрсетеді. Ол венгриялық команда сапында маусымның соңына дейін ойнап, артынша мансабын аяқтайды жоспарлап отыр.

Мартен Сен-Пьер 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Ал 2015-2018 жылдар аралығында «Барыстың» жейдесінде ойнады.

Канадада туған ол хоккейдегі мансабында Шефилд», «Йегешмедвек» «Адмирал», «Медвешчак», «Лозанну», «Монреаль Канадиенс», «Зальцбург», «Кярпят», «Нефтехимик», «Оттаву Сенаторз», «Бостон Брюинз», «Чикаго Блэкхокс» және «Химик» командаларында өнер көрсеткен.

prosports.kz

340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз