Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қазан, 2020

ДДСҰ: Шыдамдылық танытуға тура келеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлемдік қауымдастықты коронавируспен күресте уайымға берілмей, мейлінше шыдамды болуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сақтық шараларын шыңдау арқылы қауіпті вирустан арылу мүмкін екенін де еске салды. ДДСҰ дабыл қағатындай жөні бар. Вирус қайра қарқын алды.

Айта кетейік, өткен тәулікте қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастардың саны пандемия басталғалы жаңа рекорд орнатты. Қазір Еуропа мен Солтүстік Американың кей ауруханаларында бос орын жоқ.  

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Үйден жұмыс істеу, қашықтан білім алу, отбасылық мерекелердің атап өтілмеуі және жақындарымыздың жерлеу рәсіміне қатыса алмау бәрімізді де қажытты. Алайда бір жағдайға түсіністікпен қарауымыз керек. Шыдамдылық танытуға тура келеді. Өзге амал жоқ.

484 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз