Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қазан, 2020

Халықаралық "Жыл волонтері" байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Егерде Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Жыл волонтері» халықаралық конкурсына қатыса аласыз» делінген хабарламада.

Бұған дейін ведомство хабарлағандай , ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды көтермелеуге бағытталған.

26 қазанда өтінімдерді қабылдау басталды.

Конкурсқа қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтінішті жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыру керек.

Өтінімдер 2020 жылғы 15 қараша күні сағат 09:00-ге дейін жалғасады.

Байқау шарттары туралы толық мәлімет мына сілтемеде көрсетілген.

 

70 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда сирек кездесетін ауруы бар пациенттерге арналған мектеп ұйымдастырылды
Келесі мақала Алматыдағы техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *