Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қазан, 2020

Қостанайда боран соғып, жолдарды көктайғақ басты

Қостанайда кеше толассыз жауған жаңбырдың соңы қар аралас ызғарлы желге ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Температура 7 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетті. Жолдарды көктайғақ басты.

Түн жарымынан бері тоқтаусыз жауған қар жолдарды тазартып үлгіртпей жатыр.

Соның салдарынан кей жерлерде көлік кептілісі пайда болды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай мен Рудный қалаларындағы мектептерде бірінші ауысым сабағы болмайтындығы туралы хабар таратылды. 

513 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз