Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қазан, 2020

Алматыдағы техникалық қызмет көрсету станциясында жарылыс болды

 
Алматыдағы ТҚС-да  өрт сөндіру кезінде жарылыс болды. Өрт сөндірушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. «Бұл туралы ТЖ департаментінен мәлім етті», – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. «27 қазан күні сағат 12:56-да ТЖД күштері мен құралдары Әуезов ауданы, Ақсай-1а ықшам ауданында жоғары шақыру дәрежесімен шықты. Оған өрт оқпандары жіберілді. Оқиға орнынан әрқайсысының көлемі 25 литр болатын екі газ баллоны эвакуацияланды. Сондай-ақ ангардың ішінде жанғыш сұйықтық бар контейнер бар екендігі туралы ақпарат келді. Сағат 13:21-де жарылыс болды. Өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ»,  – деп хабарлады ТЖД. Қазір оқиға орнында ТЖД, өзара іс-қимыл қызметінің басшылығын, 13 бірлік техниканы қоса алғанда, жеке құрамның 60 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 13:58-де сөндірілді. 


378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз