Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 27 Қазан, 2020

«Алтын қаламның» жеңімпаздары анықталды

 Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында «Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздардың есімдері таныстырылды. Биыл бұл шара Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жобаның бас ақпараттық демеушісі - "Русское радио Азия".

Біздің серіктестеріміз: Қазақстан баспасөз клубы, "КТК", "Алматы» телеарналары, "Меломан" сауда желісі, "Жас алаш" басылымы, Қазақстан Медиа Академиясы және ҚР Ұлттық кітапханасы.

«Алтын қалам 2020» байқауына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Белорусь елдерінен, сонымен қатар биыл тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка республикасынан барлығы 408 автор қатысты. Орталық Африка республикасына қоныс аударған қаламгер елімізден жырақта жүрсе де танымал әдеби жүлдеде көппен бірге бақ сынауға бел буған.

Наурыздың 15-нен қыркүйектің 15-не дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма байқаудың www.akalam.kz ресми сайтында жарияланып, оқырмандардың және қазылардың сараптауынан өтті.

«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы биыл алғаш рет жабық есік форматында ұйымдастырылып, салтанатты жиынға тек жеңімпаздар мен жоба серіктестері және БАҚ өкілдері шақырылды. 19-шы қазанда жарияланған байқаудың қысқа тізіміне әр жанр бойынша жеті шығармадан енгізілген еді. Қазылар шешімімен солардың ішіндегі ең үздік бір шығарма ғана марапатталды.

Жеңімпаздар тізімі:

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ

«Сен ғана». Макинара Хайрим. Астана.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ

«Өлім гүлі немесе қытай түрмесінен қашқан қазақ қызының күнделігі». Ертай Айғалиұлы. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ

«Түпән талып қалды» - Алпысбай Хонж. Павлодар.

ЖЫЛДЫҢҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ

«Әкім келе жатыр». Қундық Түменбай. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ

«Өмірзая. Қайтпас оқиғасы». Сайлау Төлеуов. Семей

«ДАРАБОЗ»БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА

«Телқасқа». Алпысбай Хонж. Павлодар.

«ҮЗДІК ҚАЗАҚ РОМАНЫ»

«Қарақуыс» романы. Заман Төлеуов. Алматы

ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА

«Нет любви».Сейтжан Жанар. Астана.

ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА

«Украденный подвиг». Смагулова Зайни. Акмолинская область.

ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА «ДАРАБОЗ»

«Карантинные человечки». Ксения Земскова и

Елена Клепикова. Алматы.

  1. ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА НА ПРИЗ ИМЕНИ ЕСЕНЖОЛА ДОМБАЙ

«Триллеротопия». Ақиқат Рас. Алматы

  1. ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВ ГОДА

«Свет». Люльчак Светлана. Алматы.

  1. ЛУЧШИЙ КИНОСЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА

«В шаге от самого себя». Сарсембаев Мансур. Астана.

  1. «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН»

Төлен Әбдік марапатталды

Бауыржан Оспанов тағайындаған Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде –

1 000 000 млн теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды. Жазушының «Қарақуыс» романы «Үздік қазақ романы» аталымы бойынша үздік деп танылды. Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені балалар шығармашылығына арналған «Дарабоз» байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

 

749 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз