Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 28 Қазан, 2020

Қаламгерге құрмет:"Қолынан сүйгім келеді"

 Атақты әнші Марлен Дитрих Мәскеуге келгенде “Не көргіңіз келеді? Кремль, театр, мавзолей? Қайсысын?”-деп сұрайды Кеңес үкіметіндегілер.

“Совет жазушысы Константин Паустовскийді көргім келеді. Бұл - жылдар бойғы арманым".

Оны естіген шабармандар әншіге таңдана қарайды. Оларға жымия қарап тұрған әншінің қалжыңы емес екенін ұғады.

“Əлемдік жұлдыз қайдағы бір Паустовскийді сұрап тұрғаны несі?” -, сыбыр-күбір болады.

Бірақ жұлдыз сұрап тұрған соң, амал жоқ, табу керек. Тапты да. Қартайған, ауру меңдеген қарт жазушыға шақырту қағазын жіберді.

Сол күнгі оқиға аңызға айналды.

Концерт басталар сәт.

Қария таяққа сүйенген күйі сахнаға тәлтіректей шықты. Ремарк пен Хэмингуейдің досы, әдемі тастармен әшекейленген кешкі көйлеген киген әлемдік жұлдыз үнсіз келді де, жазушының алдына тізерледі. Отырған сәтте көйлектің жіптері үзіліп, сахнаның еденіне моншақ шашылды. Әнші оған қарамады. Жазушының қолынан сүйіп, алақанын бетіне қойып жылап жіберді.

Залда мүлгіген тыныштық. Халық сахнадағы екеудің қимылын бағып үнсіз отыр. Бір кезде бәрі орындарынан тұрып, қол шапалақтай жөнелді. Тоқтаусыз.

Паустовский өз орнына жайғасқаннан кейін Марлен Дитрих көренмендерге қарап:

-Өмірімдегі оқыған ең керемет жазба К. Паустовскийдің “Телеграммасы".

Шығармамен кездейсоқ немісше аудармасын оқып таныстым. Оқыған күннен бастап осы әңгімені жазған адамның қолынан сүйсем деген арманым болды. Бүгін арманым орындалды. Мен үлгердім. Өзіме парыз деп санаған нәрсемді жасадым. Мен бақыттымын!

 Аударған Айнұр Бұлақбай

блогер
 
 

830 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз