Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 28 Қазан, 2020

Бала арман, MARVEL және Стэн Лиге хат

Кітаптан , газеттен, әлеуметтік желіден, теледидардан өзімізге таныс, жақын нәрсені іздейміз. Ертеректе мұндай туындыны табу қиын еді. Қазір барлық сала жылдам дамып жатыр. Кино, мультфильм, телебағдарламадан жанымызға жақын кейіпкерлерді кездестіруге болады. Сол кейіпкерлер кімнің қиялынан туған? Мұндай бейнені экранға шығарып жүрген кім? Жақында режиссер, анимация маманы Мейіржан Сандыбаймен әңгімелескен едік. Ол бізге «Balapan» арнасындағы анимация қалай жасалатынын айтып берді.

Ұлан: Биыл «Balapan» теле-арнасына 10 жыл. Осы уақытта балаларға, «Balapan»-ға арнап қандай жоба жасадыңыз?

Мейіржан: «Balapan» телеарнасына көптеген жоба жасадық. 2018 жылы «Дара тұлға», 2020 жылы «Сәби» анимациялық жобасын экранға шығардық. 2021 жылы «Сәбидің» екінші маусымын шығарамыз.

Ұлан: «Сәби» анимациялық жобасы туралы идея қашан, қалай пайда болды?

Мейіржан: Қазір теледидар мен әлеуметтік желі елдің бесігіне айналды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген. Сол бесіктің дұрыс тербелуіне кішкентай болса да үлес қоссақ деген ниеттен «Сәби» анимациялық жобасы пайда болды. Елімізде 6 жастан асқан балаларға арналған жоба өте көп. Алайда әлі тілі шықпаған, сөйлеуді енді үйреніп жүрген, оңы мен солын танымаған бүлдіршіндерге арналған жоба жоқ. «Сәби» анимациялық жобасын «Balapan» телеарна-сының директоры Мақпал Жұмабаймен бірге жасадық. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы бірегей жобаға айналды. Сәби және оның достары балаға танымдық ақпарат беріп қана қоймай, оны адамгершілік, жақынына қамқор болу, таза жүру, алғыс айту, ысырап жасамау, жалқау болмау, досы-мен бөлісу сынды тұлғалық болмыс қалыптастыратын рухани тәрбие береді. Сәбиді кішкентай көрермен жақсы қабылдады. Жобаның 3 сериясы 4 айдың ішінде бір мил-лион қаралымнан жинады. Анимациялық сериалдың мұншалықты қысқа уақытта осынша көп қаралым жинауы білуімше алғаш рет кездесіп отыр.

Ұлан: «Balapan» телеарнасының бала тәрбиесіндегі рөлі қандай деп ойлайсыз?

Мейіржан: Мен және менің замандастарым батыстың «Nickelodeon», «Сartoon network», «Jetix» сынды арналарын көріп өстік. Соның салдарынан кейбіріміздің тіліміз орысшаланып кетті. Ал қазір «Balapan» телеарнасы қазақ бүлдіршіндерін туған тілінде тәрбиелейді. Тіл мәселесі тұтас ұлттың мәселесі болғандықтан, ұлт үшін «Balapan» телеарнасының маңызы зор деп ойлаймын.

Ұлан: Балаларды теледидар көруге қызықтыру үшін қандай бейне жасау керек деп ойлайсыз?

Мейіржан: Еліміздегі анимациялық фильмдердің сапасы, батыс елдерімен салыстырғанда кенже қалып жатқаны жасырын емес. Батыстың жарқырап тұрған фильмдерін көрген бала, өзімізде жасалып жатқан сапасыз туындыны көргісі келмейтінін де білеміз. Балалар жалған дүниені бірден сезеді. Сондықтан сапалы, шынайы әрі сауатты туынды жасауымыз керек. Барынша бояуы қанық, балаға таныс бейне қызығушылық оятады. Қазір осындай бейнені көбірек жасап, балаларымызды отандық туынды, кейіпкерге жақын етуге тырысып жүрміз.

Ұлан: Мектепте қандай оқушы болдыңыз? Балалық шағыңызда қандай бейнені көріп өстіңіз?

Мейіржан: Нағашы әжем көпті көрген адам еді. Халық ауыз әде-биетін, ертегілерді көп айтып беретін. Бала кезімде Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Толағай, Желаяқ сияқты кейіпкерлер туралы естіп өстім. Ол кезде интернет жоқ. Қазіргі балалар сияқты телефон, Youtube дегенді білмейміз. Теледидарда не көрсетеді, соны қарап отыра беретін едік.

9-сыныпқа дейін үздік оқушы болдым. 2007 жылы Алматыдан Астанаға көштік. Жаңа мектеп, жаңа ортаға үйренісу қиын болды. Соның әсері болса керек, оқу үлгерімім нашарлап кетті. «Үздік» бағадан «қанағаттанарлық» деген деңгейге бірақ түстім (күліп). Сосын колледжге оқуға түстім. Мұндағы орта қатты ұнады. Қазақстанның әр өңірінен жиналған өнерлі топ болдық. КВН, ән мен би жарысы, қойылым, сурет өнерінен бізге ешкім жетпейтін. Жақсы адам, жақсы маман боп қалыптасуыма осы орта септігін тигізді.

Ұлан: Анимацияға қызығушылығыңыз қашан, қалай пайда болды?

Мейіржан: Маған ерекше әсер еткен мультфильм – «Арыстан патша». Walt Disney компаниясының туындысы. Есейе келе, «неге өз қаһарманымызды жасамаймыз?» деген сұрақ мазалайтын болды. Анимация саласындағы ізденіс осылай басталды. Іздене келе, анима-ция саласына саналы түрде келдім. Қазір «ARA studios» ұжымында режиссер әрі про-дюсер болып жұмыс істеймін.

Ұлан: Бала арманыңыз қандай еді? Ол орындалды ма?

Мейіржан: Оқушы кезімде MARVEL компаниясының комикстеріне қатты қызықтым. Ондағы кейіпкерлер, олардың басынан өткен оқиғалары, салынған суреттері ерекше ұнайтын. Солардың суретін өзім де салып үйрендім. Бала арманым MARVEL компаниясында жұмыс істеу еді. Тіпті, бірде компания басшысы Стэн Ли мырзаға хат жазғаным есімде. «Мен MARVEL-дің бүкіл кейіпкерінің суретін сала аламын. Мені жұмысқа алыңызшы», – деп жазғанмын. Қазір есіме алсам, күліп аламын. Бірақ сол кезде оның хатты оқитынына, арманым орындалатынына сенген едім. Бала арманым орындалды деп айтуға негіз бар шығар. Себебі қазір MARVEL немесе Disney компаниясында істеме-сем де, отандық анимация саласын дамытып жүрмін. «ARA studios» ұжымымен бірге отандық және шетелдік жобаларды жүзеге асырып жүрмін. Жақында әлемдік нарыққа жақсы жобамен шығуды жоспарлап отырмыз.

Ұлан: Елімізде анимация бойынша қайда білім алуға болады?

Мейіржан: Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқыдым. Анимациялық кино режиссері мамандығы бойынша білім алдым. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында да оқуға болады. Бұдан бөлек, жеке курстар бар. Өзім Нұр-Сұлтан қаласындағы «Glen animation» анимациялық курс академиясынан үйренуге кеңес берер едім. Біз де ұжыммен жаңа курс дайындап жатырмыз. Ол «Ara academy» деп аталады. Бұл курс 2021 жылы басталады.

Ұлан: Қазақ анимациясы қандай деңгейде деп бағалай-сыз?

Мейіржан: Соңғы он жылда елімізде анимация қарқынды дамып келеді. Алдағы он жылда қазақ анимациясы жоғары нәтиже көрсетеді деп сенем. «ARA studios» ұжымымен толықметрлі анимациялық фильм жасауды жоспарлап отырмыз. Сапасы мен мазмұны жағынан әлемдік алпауыт компаниялармен бірдей болатын деңгейге жеткіземіз деп отырмыз.

P.S. Жас режиссер Мейіржан Сандыбайдың «Ит» деген қысқаметрлі мультфильмі ХІІІ Халықаралық Еуразия кинофестивалінде бас жүлде алыпты. Мейіржанмен әңгімелескен соң туындыны көріп шықтым. Тақырыбы өзекті, мағынасы терең мультфильмді сіздерге де көруге кеңес беремін.

Дана МАРАТОВА

«Ұлан» газеті, №43

 

252 рет

көрсетілді

3

пікір
Алдыңғы мақала Ирина Советжанқызы: Дәрігер болғым келген...
Келесі мақала Ерлан Жұрынбаев, Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі: Жаңа жағдайға бейімделіп келеміз

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Vgr24w

01 Қараша, 2020

prescription without a doctor's prescription <a href=" http://vgr24w.com/# ">generic viagra</a> viagra for men online viagra cialis http://vgr24w.com buy prescription drugs from canada

Tadalkip

10 Қараша, 2020

cialis 100 mg lowest price <a href=" https://tadalbesafe.com/# ">online cialis</a> cialis for peyronie cialis patent expiration https://tadalbesafe.com/ otc cialis

GenericOnli

13 Қараша, 2020

carprofen without vet prescription <a href=" https://canadaedwp.com/# ">ed drugs online from canada</a> levitra without a doctor prescription buy prescription drugs without doctor https://canadaedwp.com/ viagra without a doctor prescription