Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қазан, 2020

Елеусінов чемпиондармен дайындалуда

Данияр Елеусінов UFC чемпиондарымен дайындық өткізді. Кәсіпқой бокстағы жерлесіміз әлеуметтік желідегі парақшасына аралас жекпе-жеке ұйымының бұрынғы чемпионы Рашад Эванс және қазіргі чемпион Камар Усманмен бірге тұрған суретін жариялады. Ол қазір өзінің кезекті кездесуіне әзірленіп жатыр.

Жекпе-жек кеші 27 қарашада өтеді. Ал қарсыласы Джулиус Индонго. Ол бүгінге дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. Ал Даниярдың көрсеткіші 9 жекпе-жек, 9 жеңіс. Қос мықты IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет кәсіпқой рингте өткен жылдың желтоқсанында шығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.


437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз