Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қазан, 2020

Хабиб әлемдегі ең мықты төрт боксшыны атады

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов кімді әлемде ең мықты боксшы деп есептейтінін айтты. Файтер атаған төрт боксшының ішінде қазақстандық Геннадий Головкин жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Sky Sports арнасына берген сұхбатында ол ең мықты боксшылар тізіміне украиналықтар Василий Ломаченко мен Александр Усик, мексикалық Сауль Альварес және британиялық Тайсон Фьюриді қосқан екен. Өз таңдауын Нурмагомедов Ломаченконың америкалық Теофимо Лопестен жеңілмей тұрып айтқан еді.
 

"Олардың арасында ең мықты кім екенін айту қиын. Мен Усик пен Фьюридің жекпе-жегін көргім келеді, бұл тамаша айқас болар еді. Усиктің дағдылары жақсы, бірақ, Фьюри де мықты. Дегенмен Усик ауыр салмақтағы өзге боксшыларға ұқсамайды. Оның техникасы керемет, физикалық дайындығы да, аяғымен жақсы қимылдайды", - дейді Нурмагомедов. 

363 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз