Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Қазан, 2020

Жаңақорған ауданы мал шаруашылығы саласы бойынша үздік атанды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пандемия жағдайына сәйкес, онлайн режимінде «Алтын дән - 2020» шарасы өтті.

Шара барысында ауыл шаруашылығы бағытында негізгі табыс түсіретін секторлардың даму перспективалары сөз болып, әрбір ауданның ерекшеліктеріне қарай өнім өндіру мәселесі айтылды.

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ауылшаруашылық саласы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамытып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бағытында да жұмыстар жасалуда. 2020 жылдың есепті кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 16 млрд. 341 млн. теңге, нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады. Оның ішінде 8 млрд. 498 млн. теңге (101,7%) егін шаруашылығының, 7 млрд. 617 млн. теңгесі (105,1%) мал шаруашылығының үлесін құрады.

Жаңақорған ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамуда. 2020 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша 71 498 бас мүйізді ірі қара (өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,5 пайызға өскен), 298 мың 116 бас уақ мал (қой) (114,9 пайызға өскен), 18 619 бас жылқы (113,4 пайызға өскен), 1 797 бас түйе (109,7 пайызға өскен).

Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5000 бас уақ мал сатып алу жоспарланып, 10 шаруашылық 123,5 млн. теңге несие алып, 3777 бас қой алынды. Жоспар 75,4 пайызға орындалып отыр. Жыл соңына дейін жоспар артығымен орындалатын болады.

Айта кетейік, мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспары 284 бас болып бекітілген. Бүгінде ауданға шет елден 208 бас асыл тұқымды «қалмақ» қашарлары сатып алынды. («Парадин» ш/қ 128 бас, ДК «Ерасыл» 80 бас) Қазіргі таңда Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты «Маржан» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын және Аққорған ауылдық округіне қарасты «Заман Ата» шаруа қожалығы 100 бас мүйізді ірі қара малын «Аграрлық Несие корпорациясы» арқылы сатып алуға өтінім беріп, тиісті жұмыстар жасалуда.

2020 жылғы жоспар бойынша индикативтік жоспардың орындалуына келер болсақ;

Бұқашықтарды 1000 бастан басталатын бордақылау алаңына өткізу жоспары 1848 бас болса, бүгінгі күнде 1991 бас бұқашық өткізіліп отыр. Жоспар 108 пайызға орындалған. Ал, мүйізді ірі қара мал басының аналығымен тұқымдық түрлендіруге қатысатын аналық басының жоспары (38 849 бас тіркелген) 32 пайыз болып бекітілсе, бүгінгі күнде 12 998 бас аналық селекциялық жұмыстарға қатысып жоспар 33,5 пайызға артығымен орындалып отыр. Осы бағдарламалар аясында асыл тұқымды мал басы санының үлес салмағы 25 пайыздан 39 пайызға артты.

Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыстың көш бастар локомативіне айналған деп айтуға болады.

Өйткені облыс бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің 21 пайызы Жаңақорған ауданының үлесінде, оның ішінде уақ малдың үлесі 50 пайыз.

 

797 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз