Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қазан, 2020

Қостанайда кəріз құдығынан өлген адамның мəйіті табылды

Қостанайда кәрізден 2017 жылы өлген адамның мәйіті табылды. "12 қазанда Қостанай қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау келіп түсті. Жеке үйдің иелері кәріз құбырынан адамның мәйітін тапқанын хабарлаған. Ерлі-зайыптылар жағымсыз иісті сезіп, кəрізді тазартпақ болған. Алайда күтпеген жағдайға тап болып, тез арада полицияға хабар берген. Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі («Кісі өлтіру») бойынша тіркелді. Оқиға орнына 10 тәжірибелі қызметкерден тұратын жедел-тергеу тобы аттанды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы И.Беженарь. Қостанай қаласы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ербол Қарымсақовтың айтуынша, полицейлер кісі өлтірілген уақытта осы аумақта болған күдіктілерді іздестірді. Жедел уәкілдер мəйіттің жеке басын анықтауға кірісті. Тəртіп сақшылары із-түзсіз жоғалғандардың тізімін тексеріп, 2017 жылдың қарашасынан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен қала тұрғынын анықтады. Табылған мəйіттегі киім қалдықтары жоғалған адамның сипаттамасына сәйкес келді. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың үш жыл бұрын өрттен кейін үйді қалпына келтіру үшін жұмысшыларды жалдағанын анықтады. Полицейлер аталмыш үйді жөндеуге қатысқан жұмысшыларды, күдіктілерді құрықтады. Қазіргі уақытта олар қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс аясында өлген адамның жеке басын толықтай анықтауға, сондай-ақ, осы қылмыстың себептерін және күдіктілердің әрқайсысының оған қатысу дәрежесін ашуға көмектесетін төрт сараптама тағайындалды», делінген ведомство хабарламасында.


                            inform.kz

329 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз