Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қазан, 2020

Ақтауда карантиннен кейін кинотеатрлар қайта ашылды

 Көпшілікке арналған орындардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 26 қазанда басталды.Кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшеніп, бетперде тағуы сұралады. Кинозалдар әр сеанс сайын тазаланып, ауа заласыздандырылады. Аймақ тұрғындары көптен күткен күн қазақстандық жаңа кинокомедиямен ашылды. Kinopark-Kinoplexx Theatres желісінің Ақтаудағы 3 кинозалы көрермен келуден бұрын мұқият тазаланады. Техникалық қызметкерлер әр орындықты микроб жойғыш ертіндімен өңдеп, зал ішіне кварц-шам жағып қояды. Әрқайсы 150 орындық нысан сыйымдылығы 30 проценттен аспайды. Адамдар арасында екі орын бос тұрады. Санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын көпшілікпен қатар кино түсірушілер де түсіністікпен қабылдаған. Тимур Бақтыбаев, продюсер: 

– Бұл тек қана Қазақстан ғана емес, бүкіл дүние жүзі бойынша мәселе боп тұр. Біз 7-8 ай бойы киномызды шығара алмадық. Қиындық әрине көрдік. Себебі нанымызды осы кино арқылы табамыз. Кинотеатрлар ашылса, бұл салада 7-10 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде кассирі бар, оператор, тағы да басқасы бар. Аллаға шүкір, қазір елімізде жайлап кинотеатрларымыз ашылып жатыр. 

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен эпидемиологиялық жағдай тұрақты аймақтарда кинотеатрлардың жұмысы 26 қазаннан бастап қайта жанданғаны мәлім. Әзірге бұл мүмкіндік Ақтау, Атырау мен Алматы қаласына беріліп отыр.

                                                       24.kz

288 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз