Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қазан, 2020

Ресейде жарқанаттан коронавирус анықталды

Ресейде Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі жарқанаттан коронавирус анықтады. Бірақ вирустың қай түрі екенін айтуға әлі ерте, деп хабарлайды РИА Новости.

Тамыздың соңында Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі Ресейдің әр аймағын мекендейтін жарқанаттардан коронавирус анықтау үшін зерттеу жұмыстарын бастаған. Жоба вирустың таралу жолы мен эпидемиологиялық қаупін анықтауға көмектесу керек.

«Ресейде мекендейтін жарқанаттарда коронавирус (қандай екені әзірге белгісіз) бар. Қандай екені зерттеледі. Зерттеу барысында басқа да вирустар (коронавирус емес) тізбегінің геномдық бірізділігі анықталды», — деді Тұтынушылардың құқығын қорғауды қадағалау қызметі Орталық зерттеу-ғылыми орталығының геномика және постгеномикалық зерттеулер тобының жетекшісі Анна Сперанская.

Маман вирусты адамға жұқтыру қаупі жағынан түлкі, кірпі секілді жабайы жануарларға қарағанда жарқанаттар аса қауіпті емес екенін атап өтті. Тек адам өзіне жұқтырмауы үшін жарқанатты және ол жүрген жерді ұстамауы керек екен.

Жарқанаттарды зерттеу әлі екі жылға созылады дейді.

  • Еске салайық, 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында COVID-19 вирусы анықталған болатын. Оны жарқанаттар таратты деген ақпарат та тараған еді.

77 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Германияда жаңа шектеу шаралары енгізілді
Келесі мақала Apple миллиард iPhone сатты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Tadalafil

31 Қазан, 2020

herbal replacement for viagra/cialis/levitra... <a href=" http://gentadal24.com/# ">canada price on cialis</a> what are the side effects of cialis cialis money order http://gentadal24.com/ canadian cialis