Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 29 Қазан, 2020

Месси тарихи рекорд орнатты

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының 2-турында "Ювентуспен" болған ойында гол соғып, тарихи жетістікке қол жеткізді.Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 70 гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Кешегі ойында "Ювентус" "Барселонадан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойын Туриндегі "Альянц" стадионында өтті. Кездесуде Данни Маккели бастаған голландиялық төрешілер тобы қазылық етті, оған төрешілер Марио Дикс пен Хессел Стегстра көмектесті.

 
 

Есеп бірінші таймда ашылды - 14-минутта Усман Дембеле алғашқы голдың авторы атанды. Кездесу соңында Лионель Месси пенальтиден гол соғып, "Барселонаның" басымдылығын арттырды.

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз