Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 24 Қыркүйек, 2020

Ымырттағы Алматының тылсым сәті

Халықымыз үшін айдың да, асқар Алатаудың да қасиеті ерекше. Ал қала мен дала сол қасиеттің тағы бір жалғасы. Мына суретте автор біздің сөзді суретпен сөйлеткен.

...Ымырт үйіріліген шақ. Талғар шыңы. Шыңнан көтеріліп келе жатқан толған ай. Шамдары әлі жағылмаған Алматы шаһары. Бейне бір осынау пейзаж уақытша боялмай қалғандай. Суық та, жылы да рең бар. Әйтеуір фотосуреттен бір тылсым сиқыр байқалады.

Автор осы суретін түсіру үшін көп ізденген, бірнеше жыл күткен. Нәтижесінде, өз мақсатына жеткен.

Қазақ халқы Айды қасиетті санаған. Оған қатысты ырым-тыйымдарымыз дәлел. Ал қазақ сұлу қыздарды Ай дидарлы, айдай толықсыған деп жатады. 

Суреттердің авторы-Досжан Балабекұлы

1575 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз