Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2020

«Қайрат» футбол клубының ардагері «Достық» орденімен марапатталды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ардагері Евстафий Пехлеваниди «Достық» орденімен марапатталды.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған шабуылшысы, бүгінде 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Евстафий Пехлеваниди екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Ол қазақстандық футболдың дамуына және көпшілікке танылуына, сонымен қатар Қазақстан мен Грекия арасында достық қарым-қатынастың қалыптасуына қомақты үлес қосты», - деді Мемлекет басшысы.

269 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз