Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2020

Жамбыл облысында карантинге бағынбағандар жазаланды

 

Жамбыл облысында карантиндік тәртіпті бұзғаны үшін 270 адам жазаланды. Олар 33 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Қомақты айыппұл той тойлайтындарға тосқауыл болмай тұр. Мейрамхана қожайындары карантиндік шектеулерге шекеден қарайтын болған. Есікті құлыптап қойып, дүркіретіп той жасауды жалғастырып жатыр. Полицейлер рейд кезінде 500 адам келген тойдың үстінен түсті. Қазір аймақта 50 мониторингтік топ құрылып, бақылау жұмыстарын күнделікті жүргізеді. Өңірде соңғы 4 айда 4700-ден астам түрлі ойын-сауық орталықтары, дәмхана, тойхана сияқты нысандар тексерілген. 

Манас Әбдікәрімов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
 - Барлық материалдар облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Жүздеген адамға 83340 теңгеден айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал шағын және орта, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік нысандарына 638 мыңнан 4,5 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Той бәрібір жасалып жатыр.

                                                      24.kz

279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз