Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2020

Елордада 27 мың тонна медициналық қалдық жойылды

Елордада пандемия басталғалы 27 мың тонна эпидемиологиялық медициналық қалдық жойылған. Олардың арасында коронавируспен ауырғандарды емдеу кезінде қолданылған маска, қолғап, ине және басқа да медициналық қорғаныс заттары бар. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Мамандардың айтуынша, қауіпті қалдықтар жойылудың алдында міндетті түрде залалсыздандырылады. Айта кетейік, жою талаптарын бұзғандарға 1600 есептік айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, медициналық қызметкердің кейбір киімдері мен бұйымдары бір рет, ал кейбіреулері бірнеше рет қолданылады. Олардың бәрі міндетті түрде тазартылады. Әсіресе, қауіпті аймақтан шыққан соң, қорғаныс киімдері залалсыздандырылып, жуылады. Қолданысқа дайын болған соң мамандар оны қайта киіп, жұмысқа кіріседі. Ал бір рет пайдалануға арналған бұйымдарды екінші рет іске асыруға қатаң тыйым салынады.


                                                          24.kz

372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз